Мысыр пәтуа шығару басқармасы такфир ағымы деп танылған ИШИМ мен Боко Харам террористік ұйымдарының өзін-өзі жарып жіберуге арналған қаруды қолдануына қарсы пәтуа шығарды.
Пәтуада: «Мұндай қарулар арнайы жасалады. Бүгінде лаңкестер өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін қарудың әйелдерге арналған түрін ойлап шығаруда.
Мұндай қару алғаш рет 2000-2004 жылдары Ресей мен Шешенстан арасындағы террористік қақтығыстарда өзін-өзі жару үшін жасалған болатын.
Қазіргі таңда лаңкестер өзін-өзі жарып жіберу әрекеттерінде әйелдерді құрал етіп алды. Лаңкестер ол үшін алдымен бір әйелді таңдап алып, оның санасына психологиялық шабуыл жасайды. Әлгі әйелге өлім туралы әбден насихат айтылады. Қажет болған жағдайда өзін өлтіруге итермелейтін арнайы миға әсер ететін шөптер ішкізеді. Біршама уақыттан кейін әлгі әйел дайын әскер болып шығады» делінген.