Ресей ғалымдары Түркия жерінен автокөлік іздеріне ұқсас жол сораптарын кезіктірді. Бұл жолдар көлік протекторлары ізіне қатты ұқсас, алайда ғалымдар жолтабан жер бетіне бұдан 14 млн жыл бұрын түскен дегенді айтуда.
«Жанартаулардың пайда болу жасын дәлме-дәл анықтау әдісі бүгінгі ғылымда игерілген. Сол себепті, геолог ретінде бізге белгісіз мына жерлерде 12-14 млн жыл бұрын бағзы заманның агрегат машиналары жүрген дегеп сеніммен айта аламын. Біз осы алаңда айғыздалған көлік жолдарына куә болып отырмыз. Беймәлім көлік дөңгелектерінің екіаралығы барлық жолдарда бірдей өлшемде және бүгінгі біздің заманның көліктерімен қатты сәйкес келеді. Көлік жолдарының ең терең өлшемі бір метрге дейін барады. Дөңгелек іздерінің қабырғасында біркелкі жолақтар таңбаланған. Бұл көлік дөңгелегі екеніне күмән жоқ» дейді Жаратылыстану саласындағы іргелі зерттеулер ғылыми орталығының директоры Александр Колтыпин.
Мамандардың айтуынша, осы тектес көлік іздері Израиль территориясынан да табылған көрінеді.
Ғалымдардың зерттеулері мен болжамдары ілгергі дәуірлерде жер бетінде өзгеше жаратылыс иелері мекен етуі мүмкін дегенді алға тартады. Және олар да көлік тізгіндегенге ұқсайды. Әлем халықтарының ескіден қалған мұраларында жер шарында өмір сүрген жаратылыс иелері болғаны, олар үлкен апаттан соң жойылып кеткені айтылады. Бұл тақырыпта діни кітаптарда да аз-кем мәліметтер бар. Мәселен, Інжілде Жер шарының ілгергі тарихы туралы айтылса, қасиетті Құран кәрімде адамдарға дейін жер бетін жындар әлемі мекен еткен деген хабарлар бар.