Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Атырау өңіріне сапары барысында кәсіпкерлермен кездесті.
Жиын барысында уақып жұмысының маңыздылығы, заңнама аясында көрсетілетін қызметтер турасында ақпарат берілді. «Уақып» қорына өткен кәсіпкерлік нысан сенімгерлік басқару арқылы кәсіп иесіне беріледі. Келісімшартқа қол қою арқылы жүзеге асады. Қорға өткен кәсіп арқылы ағартушылық бағытта, ғылымға, дін мамандарына, басылымдарға т.б көптеген маңызды игі істер қаржыландырылады», - деп атап өтті Ардақ Нүсіпханұлы.
Кездесуден соң 4 нысан «Уақып» қорына өтіп, арнайы уақыпнама табысталды.