БАС МҮФТИ «БӨЛІМ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ «БӨЛІМ САҒАТЫН» ӨТКІЗДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы бойынша Аппарат жиналысы өтті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімі, «Tawaf Travel» қажылық фирмасы және «Дархан Дала» мекемесінің атқарған жұмыстары жайлы есеп берілді. Одан бөлек Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов пен  «Tawaf Travel» қажылық фирмасы және «Дархан Дала» мекемесінің директоры алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар жайлы да баяндады.

«Исламның бес тірегінің бірі – қажылық десек, отандастарымыздың қажылық құлшылығын ойдағыдай атқарып, рухани кемелденіп келуіне дін қызметкерлерінің үлесі зор екені белгілі. Биылғы қажылық маусымы, тіпті оның дайындығы да бұрынғыдан өзгерек болып тұр. Сондықтан биыл баратын отандастарымыздың дайындығына көп көңіл бөлуіміз керек. Діни басқарманың Қажылық бөлімі, «Tawaf Travel» қажылық фирмасы және «Дархан Дала» мекемесінің атқарып отырған жұмысынан хабардармыз. Бұл салада да жылдан-жылға дамып келе жатқанымызды былтырғы үлкен қажылықта куә болдық. Жетілдіре түсетін тұстар да бар, әрине. Ең бастысы, қажылыққа баратын қандастарымызды, ел ішіндегі тарихи орындарға саяхаттайтын отандастарымызды аман-есен апарып-әкелу, шариғатқа сай құлшылығын, зияратын жасап, руханияты көтеріліп келуін қамтамасыз етуге тиіспіз» деді Бас мүфти.

Жиында ҚМДБ қызметкерлері Қажылық бөлімі, «Tawaf Travel» қажылық фирмасы және «Дархан Дала» мекемесінің жұмысын жетілдіру бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: