Сауд Арабиясында су қымбаттады

Сауд Арабиясында су қымбаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы үкіметі тұрғын үй санатына кірмейтін мекемелер үшін су бағасын көтеру туралы шешім шығарды. Енді 2015 жылдың 16 желтоқсанынан бастап корольдіктің  үкіметтік және өндірістік ғимараттары, сондай-ақ, ірі корпорациялары су ақысына әдеттегі бағадан екі есе жоғары төлеуі тиіс, яғни әр 1 текше метр суға 9 риалдан (2,40$) есептеледі.

Сонымен қатар, корольдікте суды ысырап ету мен шектен тыс пайдалануға да шектеу қойылмақ. Дегенмен, ел тұрғындары ескі бағамен төлей береді, деп жазады Gazeta.ru. Сауд Арабиясындағы су нарқының көтерілуі корольдік бюджетіндегі тапшылықтың алдын алуға бағытталған. Себебі, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі ел қазынасына да айтарлықтай әсер етіп отыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: