ҚМДБ қорытындысы: 15308 құрбандық еті 23419 отбасыға таратылды

ҚМДБ қорытындысы: 15308 құрбандық еті 23419 отбасыға таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша Құрбан айт мерекесінде атқарылған қайырымдылық жұмыстардың есебін жариялайды.

Мүфтияттың жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Осы бағытта Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде Құрбан айт мейрамы айрықша аталып өтті. Құрбан айтта шалынған құрбандық еті мұқтаж жандарға үлестірілді.

Атап айтқанда, биыл еліміздегі мешіттерде 15308 ірі қара және қой сойылды. Шалынған құрбандық еті әлеуметтік жағдайы төмен 23419 отбасы мен мемлекеттік мекемелерге (қарттар, балалар, мүгедектер үйі) таратылды. Мәселен, Алматы қаласы бойынша 2431 отбасы мен 12 мекемеге қайырымдылық жасалды. Сондай-ақ, Талдықорған облысындағы (4230 отбасы), Оңтүстік Қазақстан облысындағы (4009 отбасы), Астана қаласындағы (3695 отбасы) мешіттер қайырымдылық шарасына үлес қосты.

Айта кетейік, бүгінде Діни басқарма 4 бағыт бойынша игі жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – қайырымдылық. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл бойы жалғаса береді.

Биыл халқымыз Құрбан айт мерекесін 24 қыркүйекте атап өтті. 

ҚМДБ баспасөз қызметі,
muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: