Ауырғанда оқылатын дұғалар

Ауырғанда оқылатын дұғалар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Расулулла (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Осман бин Әбиластың көңілін сұрап келді. Ол ауырып жатқан еді. Сырқаты ауыр және шаншитын.

– Ауырған жерді оң қолыңмен жеті рет уқала да әрқайсысында: «Әузу бииззәтиллаһи уә қудрәтиһи мин шәрри ма-әжиду уә ухазиру деп оқы!», - деп бұйырды. Осман былай дейді:

– Aйтқанындай істедім. Ауруымнан айығып кеттім. (Бостанул-Арифин)

Айша анамыз айтқан:

– Бір жері ауырса Расулулла (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін оқып мүбәрәк қолына үрлеп, ауырған жерін сипайтын.

Көзі көрмейтін бір кісі Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Ия, Расулалла! Алла Тағалаға дұға ет, көздерім ашылсын» дейді. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оған былай дейді: «Жақсылап дәрет ал! Сосын, ия, Раббым, Саған жалынып-жалбарынамын. Сүйікті Пайғамбарың Мұхаммедті (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) уәсилә етіп (араға қойып), Сенен сұраймын. Ей, ең сүйікті пайғамбарым Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)! Сені уәсилә етіп, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін дұғамды қабыл етуін қалаймын. Ия, Раббым, осы ұлы Пайғамбарыңды (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) маған шапағатшы ет. Оның құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр», - де. Ол кісі дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды. (Термези)

«Фатиха», «Аят әл-Курси» және «төрт Қул» (яғни «Кәфирун», «Ықылас», «Фәләқ», «Нас») сүрелерін 7 реттен оқып ауру кісіге үрленетін болса, Алланың қалауымен бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.

Оқылған Құран Кәрімнің және дұғалардың әсер етуі үшін оқып жатқан адам бұған сеніп, науқас харам тағамдар мен күмәнді дәрі-дәрмектен барынша сақтануы керек. Ықыласпен, шын көңілмен тәубе етуі тиіс. Дұға да дәрі сияқты, Алла Тағала қаласа әсер етеді. Шипаны Алла Тағала беретініне сену керек.

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үш түрлі ем қолданған: Құран Кәрім, дұға оқыған және ғылыммен табылған дәрілерді қабылдаған. Сондықтан дәрігерлерге де қаралу керек. Ол да бір себеп. Алла Тағала барлық нәрсені себеппен жаратып, соларға ден қоюға әмір еткен.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: