Біздің асыл дініміз Ислам қайырымдылыққа көп көңіл бөледі. Мұны Ислам шарттарының бірі болып табылатын - мұқтаж жандарға бергізу міндеттелген зекеттен-ақ түсінуге болады. Зекеттің басты мақсаты – байлықты байлар мен кедейлердің арасында тең бөлу, осылайша, байлықтың шамалы адамдардың қолында шоғырланып қалуынан аулақтату. Жылына бір рет берілетін зекет кедейлер мен мұқтаж жандарды өмірдің қиыншылықтарынан зардап шекпеуіне кепіл болады.
Жария-садақа
Садақа сөзі көпшілікке мәлім әрі ол қайыр көрсетуді білдіреді, ал жария сөзі үздіксіз деген мағынаны білдіреді. Жария-садақаны берген адамның өлімінен кейін де оған үздіксіз пайда мен сый әкелетін қайыр көрсету болып табылады.
Мүмін адам бақилық болып кетсе де өзінің соңынан үздіксіз сый әкеліп тұратын пайда көзін қалдырып кетуге тырысуы керек. Сондай-ақ, бұл пайда көздері қоршаған ортаға да тек жақсылық әкеліп тұруы аса маңызды. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:
«Бауырыңның бетіне күлімсіреп қарауың да садақа болып табылады» (Тирмизи).
Шыбын жан тәннен ажырап кеткен сәттен бастап, адамның барлық амалдары тоқтатылады. Бұл баянсыз өмірде жасап жүрген амалдарымыз жазылып жатыр әрі сол үшін біз тиісінше сауап аламыз. Бұл жөнінде біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтып кеткен:
«Адам қайтыс болғанда, оның барлық амалдары тоқтатылады, тек үшеуінен басқасы. Олар: үздіксіз берілген садақа, өзге адамдар пайдалана алатын ілім және ол үшін Аллаға сиынып, дұға жасайтын тақуа бала» (Муслим).
Төменде біз үшін жария-садақа болып табылатын бірнеше қарапайым амалдарды келтіреміз:
1. Ағаш отырғызу. Әркез біреулер әлгі ағаштан жемістер жинайтын болса немесе көлеңкесінде отырып демалса, сол үшін біз Алладан сауап алатын боламыз;
2. Өз қражатына немесе өз күшімен мешіт немесе жетімдер панасын салдыруға қатысу;
3. Студентті тегін оқыту немесе оқу қаражатын төлеп беру;
4. Біреулерге дұға жасауды немесе аяттарды үйретуіңіз, сондай-ақ, Құранның немесе дұғалардың көшірмесін адамдарға тікелей не болмаса әлеуметтік желілер арқылы таратуыңыз;
5. Жетімді өз қамқорлығыңызға алуыңыз. Оның жетімдер үйіндегі шығындарын көтеріп ала аласыз немесе оны өз жанұяңыздың мүшесі етіп алуыңыз;
6. Су ішетін құрылғы орнатуға немесе құдықтар қазу кампанияларына қатысыңыз. Әркез біреулер су ішетін болса, сауабын сіз алып отыратын боласыз;
7. Ауруханаға мүгедектер арбасын немесе басқа бір құрал-жабдықтарды сатып алып беріңіз не болмаса кедейлер мен мұқтаж жандар үшін аурухана салып беруге жәрдемдесіңіз.
Жоғарыда келтірілген амалдардың бәрін өздігінен іске асыру қиын нәрсе емес әрі сіздің жасаған амалдарыңыздың нәтижесін адамдар қолданған сайын сіз Алланың үздіксіз беретін сыйына кенеліп отыратын боласыз.
Сонымен қатар, бұл қоғам игілігі үшін берілетін қаржы шығындарына да қатысты. Мұның бәрі сіздің сыйыңызды арттырып отыратын болады. Алла жолында адам қаншалықты күш-жігер мен қаржы жұмсаса, соншалықты Алла Тағала оған екі дүниеде қайтарып береді.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші» (2:261).