Таяуда ғана Алматыда өткен Орталық Азия ғұламаларының тұңғыш форумында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.
«Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Исламды терроризммен байланыстыру – асыл дінімізге жасалған үлкен қиянат. «Жиһад» ұғымын желеу еткендерді шейіттер емес – шектен шыққандар деп атауға мәжбүрміз. Алла Тағала «Ағраф» сүресінде: «Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар» деп қатаң ескертеді» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.
Форум соңында терроризм мен экстремизді алдын алу туралы және лаңкестікті Исламмен байланыстырмау жайлы Үндеу мен Қарар қабылданды.