2015 жылдың қазан айында шамамен 220 мың босқын Еуропаға келді, деп жазды lenta.ru.
Бұл жыл басынан рекордтық көрсеткішке айналды, деп хабарлады Reuters БҰҰ босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар басқармасының баспасөз қызметкері Эдриан Эдвардсқа сілтеме жасап.
«Бұл – тарихтағы айлық көрсеткіш бойынша ең жоғарғысы. Сондай-ақ шамамен өткен жылы келген келімсектердің жалпы санына сәйкес», – деді Эдвардс.
Басқарма ақпаратынша, 2011 жылдың сәуірінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін сириялық келімсектердің жарты миллионнан астамы ЕО елдерінің билігінен босқын дәрежесін беруін сұрады.
Келімсектер күн суытқанға дейін Еуропаға жетуге талпынады.
Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталған. Қаза тапқандардың саны 230 мың адамнан асты, босқындар саны – 4 миллион.
nur.kz