Бақытты болудың қарапайым ережелері

Бақытты болудың қарапайым ережелері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел аман, жұрт тынышта қара аспанды бастарына төдіріп жүретін жандар біздің қоғамда аз емес. Осындай жандарға және өзгелер үшін де бір айтарым бар еді. Алла Тағаланың әрбір пендесіне нәсіп еткен нығметін сезініп, өзіңді бақытты санау үшін өзіңнен артық нығметке кенелген жандарға емес, керісінше, Алланың қалауымен, кем нығметке кенелген жандарға қара. Өз өміріңді солардың өмірімен салыстыра біл.

-       Егер бір сырқатқа шалдыққан болсаң, дені сау адамдарға емес, дерті сенің дертіңнен де ауыр жандарға қара;

-       Егер ақсаңдап жүрсең – мүлдем жүре алмайтын жандарға көзіңді сал;

-       Көзім жаман көреді деп жүрсең – туғаннан көр соқыр жандарға қара;

-       Толық отбасында ержетпедім десең – туғаннан жетімдер үйінде өсіп, ержеткен тұл жетімдерге қара;

-       Егер мініп жүрген көлігіңе көңілің толмаса – көлік сатып алмақ тұрмақ азық-түлік сатып алуға жағдайлары болмай қалатын, тұрмысы нашар отбасына қара;

-       Егер аядай ғана үйде тұрып жатсаң – зәулім үйлерде тұрып жатқандарға қарама, керісінше, баспанасыз, үй-жайсыз қаңғырып жүрген жандарды ойла;

-       Жүктілік кезінде немесе босану кезінде қиыншылықтар көрсең – өмірі бала сүйе алмай өтетін жандар жайында ойлан;

-       Жұыстан шаршасаң – жұмысы сенің жұмысыңнан екі есе ауыр жандарға қара;

-       Зымырап өте шыққан жастық шағыңды ойлап қамықсаң – кәрілік жетіп, белі бүгілген қарттарға қара;

-       Көп нәрсеге қол жеткізе алмадым десең – ештемеге де қол жеткізе алмай, жас жанын ұрып ерте көз жұмған жандар жайында ойлан.

Бір сәтке болсын айналаңа көз салшы, осы күнге дейін байқамай келген Алла Тағаланың дәл саған нәсіп еткен нығметтерін көре аласың. Алла Тағаланың саған нәсіп еткенін бағалай біл, разы бол, шүкір ет! Саған, сенің өмір сүріп отырған халіңе жете алмай жүрген қанша жаннның бар екенін ұмытпа.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: