Өткен демалыс күні Австралияның барлық қалаларында орналасқан мешіттер өзге дін өкілдеріне есіктерін айқара ашты.
Осылайша, ел мұсылмандары демалыс күндерін өзге дін өкілдеріне арнап, оларға мұсылмандардың мешітте немен айналысатынын көрсеткісі келді.
Сонымен қатар, келген қонақтарға Ислам қағидалары түсіндіріліп, көкейдегі сұрақтарға қонымды жауаптар берілді.
«Бұл күн Австралия халқын Исламмен таныстыру күні болды. Себебі, жергілікті халық Исламның шынайы бейнесін біле бермейді» дейді ұйымдастырушы Ливан мұсылмандары одағының өкілі.