Египет президенті Абдул-Фаттах ас-Сиси Бахрейн астанасында қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция барысындағы баяндамасында дәстүрлі ислам жолынан ауытқыған ағымдарды діни секта деп жариялады.
Ас-Сиси аталмыш топтарды бірқатар араб мемлекеттерінің ішкі тұтастығын бұзып, діни дүрдараздық, бүлік тудырғаны үшін қатты сынға алды. Елдің берекесін қашырған топтарды тек секта деп атауға болады деген пікірін де айтты.
Конференция жұмысында Сирия, Ирак пен Йемен елдерінің сыртқы істер, қорғаныс және арнайы қызмет басшыларымен ортақ мәселелер талқыланды. Айта кетсек, Египет бұған дейін БАҚ әлемінен ИШИМ террористерін «Ислам мемлекеті» деп атамауға шақырған еді.