Үндістанда белгілі ислам жоғары оқу орны әлемнің ең ежелгі жәдігері саналатын тарихи кітапхана қорын сандық форматқа көшіру бойынша жаңа жобаны қолға алды. Бұл туралы The Times of India хабарлады.
«Бұл кітапхана алғаш 1915 жылы жалдамалы бөлмеде құрылды. Қазіргі Азан оқу корпусы жанына орналасқанға дейін жүз жыл ішінде бірнеше рет қоныс ауыстырды. Тарихы терең кітапхана штаттың урду тілінде жұмыс істейді. Оның қоры 30 000 кітапты қамтиды» дейді Деккан мұсылман институының директоры Мұхаммед Асиф шейх.
Ал Деккан мұсылман институты өткен жұмада кітапхананың 100-жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл мекеме ғасырға жуық ислам тарихының сақталуына қызмет етті, жас мамандардың білім қайнарынан сусындауына көмектесті. Сондай-ақ үлкен лингвистикалық орталық және неке қию агенттігі қызметін де көрсетті.
«Мұндағы кітаптардың барлығы ескірді. Ескіргені сонша, кітап парағын ашу оның жыртылып, қиылып түсуіне алып келуде. Сол себепті құнды еңбектердің көзін жоғалтып алмау мақсатында оларды электронды нұсқада сақтаудың жолдарын қарастырудамыз. Қазіргі уақытта 1 150 кітап сандық форматқа өткізілді. Біз бұдан былай кітаптарды қолға бермейміз. Электронды кітапхана арқылы пайдалану әдісін ұсынамыз» дейді кітапхана директоры.
85 жасқа таяған Абдул Ғани көру қабілетінің төмендеуі себепті кітап оқи алмайды. Бірақ, мұсылман институты жанынан ашылған кітапханаға тұрақты келіп тұрады. Тарихи кешенге оның пікірлес достары да жиылып, дін, әлеуметтік тұрмыс-тіршілік, саясат тақырыптарында ой бөліседі.
Айта кету керек, сандық форматқа көшкен жаңа кітапханада әлемнің сирек тілінде кездесетін кітаптар да бар, оның ішінде қасиетті Құран кәрімнің маратхи тіліндені нұсқасы да осында сақтаулы.
ummet.kz-ақпарат