Америка Құрама Штатының Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға жасаған іссапары барысында «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрды, деп хабарлайды Muslim.kz.
Мұхит асып келген мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз қарсы алып, ғибадат үйімен таныстырып, арнайы сыйлық тарту етті.
Айта кетейік, Мемлекеттік хатшы Джон Керри елімізге Орталық Азияның 5 мемлекетіне сапары аясында келіп отыр. Бұған дейін ол Қырғызстан мен Өзбекстанда болып, өңірдегі өзекті мәселелер бойынша өткен келіссөздерге қатысты.