ҚМДБ Орталық Азия ғұламалар форумын өткізді (+ВИДЕО)

ҚМДБ Орталық Азия ғұламалар форумын өткізді (+ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл жиынға Тәжікстан және Қырғыз Республикасының Бас мүфтилері мен ғұламалары қатысуда. Негізгі мақсат – экстремизм мен терроризмді болдырмау. Ал Астанада бұл тақырыпқа қалам тербейтін журналистерге арналған семинар-тренинг өтті. 

Радикалды ағымды ұстанып, Сирияға баруға ниеттеніп, құқық қорғаушылардың қолына түскен адамдармен де біздің тілшілеріміз сұхбаттасты.

Мына азаматтар радикалды ағымның жетегінде кетіп, Сирияға аттанардың алдында ұсталды. Өздері ғана емес, отбасы мүшелерін де бірге ала кетпек болған. Қазір өз қателіктерін мойындап отыр. Олардың бірі: «Видеороликтерді көріп, мына жақтың әңгімелерін тыңдағаннан кейін менде көңілсіздік пайда болды. Анаңмен ұрсысасың, ешкіммен сөйлескің келмей қалады. Негізінде Ислам дінінде ондай нәрсе болмау керек қой. Адам кешірімді болу керек», – дейді. 

Радикалды ағым санасын улағандарды оңалтумен бүгінде «Ақниет» қоғамдық қоры айналысады. Олардың айтуынша, лаңкестік және экстремистік бағыттағы әрекеттері үшін жазаға тартылған 350 адам өздерінің теріс жолда болғанын мойындап, райларынан қайтқан. Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен бұл тақырыпты қаузап жүрген журналистерге арналған семинар-тренингте осы салаға қатысты мәселелерді барынша сауатты жеткізу қажеттігі түсіндірілді.

Әлім Шауметов, «Ақниет» ақпараттық насихат және оңалту орталығы» ҚҚ директоры

-Адамдардың теріс жолға түсуі – діни сауатсыздық салдарынан. Радикалды ұйым жетекшілері оларға өз идеологиясының дұрыс, таза екенін айтады. Осылайша адамдардың санасын улайды.

Орталық Азия ғұламалары форумының да басты мақсаты – дәстүрлі дін мен радикалды ағымның аражігін ажыратып, Исламның ізгілік пен мейірімділіктің діні екенін ұғындыру. Бас мүфтилер мен ғұламалар салмақты пікірлерін ортаға тастап, хақ діннің құндылықтарын насихаттау арқылы халықты лаңкестік және экстремистік бағыттағы ұйымдардан сақтауға болатынын айтты.

Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі

-Өздерін жиһад деп жатқандарды біз осы Үндеуде айыптаймыз. Өйткені Ислам діні – бейбітшіліктің, мейірімділіктің діні. Кейбір топтар Исламды саясатқа айналдырғысы келеді. Өздерінің бір мүдделеріне пайдаланғысы келеді. Ешқандай терроризмге Исламның үш қайнаса сорпасы бірікпейді.

Жиында сондай-ақ қазақстандық тарап Орталық Азия ғұламаларының кеңесін құру бастамасын көтерді.

khabar.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: