Өткен аптаның бейсенбі күні Қырғызстанда әлемге белгілі сиам егіздерінің бірі – Зита Резаханова өмірден өтті.
Зита и Гита Резахановалар әлем бойынша операциясы сәтті өтіп, көрер жарығы ұзарған егіздер. Олар тумысынан жамбасы және зәр шығару жолдары ортақ әрі үш аяқпен жаратылды. Егіздерді ажырату отасын Ресей дәрігерлері жасады. Қыздар тағдырдың осындай сынағына тап болған өзге егіздерге қарағанда ұзағырақ өмір сүріп, 24 жылды бірге кешірген.
Осыдан үш жылдай бұрын егіз қыздар Ресей Бірінші арнасының «Пусть говорят» бағдарламасына қатысып, өз өмірлері жайлы шыны мен сырын бөліскен еді. Егіз қыз жүректерінде Аллаға деген кіршіксіз сенімдері барын жайып салып, Құран оқуды жандары сүйетінін айтты. Сондай-ақ, Ислам мен Құраннан кішкентай балаларға сабақ беруді арман ететіндерін де жасырмады.
Атамекені Шешенстан орталығындағы «Шешенстан жүрегі» мешітіне баруды да қалаған-ды. Сол уақытта Резехановтар отбасымен жақын қарым-қатынас орнатқан Шешен басшысы Рамзан Қадыров қыздардың Грозныйға келіп-қайту қаражатын қамтамасыз етуге уәде етті. Алайда, Алланың қалауымен, тағдырдың тәлейімен егіздің сыңары дүние керуенінен көшті.