Ислам бойынша жан тыныштығына кенелудің 4 амалы

Ислам бойынша жан тыныштығына кенелудің 4 амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұлыңғыр келешек адам бойында алаңдаушылық пен үрей тудырады. Көбіне біз болар жайттардан немесе сол жайттардың салдарынан қорқамыз. Үрей басты айналдырып, денені дірілдетіп, жүректі жиілетіп соқтырады. Алайда бұл жағдайдың шынайы себебі біздің санамызда жатыр.

Қазіргі таңда ертеңгі күнге деген үрей мен қорқыныш әдеттегі нәрсеге айналған. Күнделікті өмірде әркім осы мәселемен жүздеседі немесе кезінде жүздескен. Көбінесе адам баласы өз көңіл-күйін дұрыс игере алмағандықтан әлдебір психологиялық ауруларға ұшырап жатады. Үнемі үрейде болу адамның денсаулығына ғана емес, сондай-ақ, оның рухани жасаушыларына да кері әсерін тигізеді.

Сөзсіз, бұл біздің осы дүние тірлігіміз бен материалдық игіліктерімізге қатысты қорқынышымыз, алайда мұның Исламда маңызы бар қорқыныштан айтарлықтай айырмашылығы бар. Мүмін үнемі өз келешегі туралы ойланып, өз әрекеттері мен қылықтарына талдау жасап отырады. Алайда дұрыс қорқынышта болу адамдарды торығу мен енжарлыққа итермелемейді, керісінше, кемелдікке, рухани дамуға жетелейді әрі иманның нығаюына септігін тигізеді.

Біз Жұмаққа кіруге үміттеніп, бізді Тозаққа жетелейтін амалдардан бойымызды аулақ салуға тырысамыз. Бұл ұмтылыс мұсылман сипатынан, бірақ мұның бізді күнделікті мазалайтын үрей мен алаңдаушылыққа еш қатысы жоқ.

Біз көп нәрседен қорқамыз. Жақсы жалақы төлейтін жұмыс табу, көп табыс табу, емтихандарымызды тапсыра аламыз ба, мына көйлекті кисем күлкіге қалмаймын ба деген сияқты сұрақтарға берілеміз. Өз пікірімізді, ойымызды білдіруден қорқамыз, бұл біздің ішкі алаңдаушылығымызды одан ары арттырып қояды.

Осының бәрі бізді тыныштығымыздан, жан жарасымынан айырады. Ал бұл өз кезегінде, дінімізді, өзіміздің Жаратушымызды дұрыс түсінуден алыстатады. Ендеше, болып жатқан жайттардан, біздің айналамыздағы адамдардан, олардың пікірлерінен қорықпай, қоршаған ортамен және жан жарасымын тауып қалай тыныш өмір сүруге болады?

Осы мақаламызда біз сіздердің назарларыңызға жан тыныштығына кенелудің 4 негізгі кеңесін ұсынамыз.

1. Алланың қорқудың қажеті жоқ деп айтқанын біліңіздер.

Бұл жөнінде Құранда мынадай аят келтірілген: «…кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік» (2:38).

Алла ешқашан қорықпайтын бір топ адамдар туралы айтқан. Бұл адамдар кімдер екен?

Алла Тағала Адам Ата (а.с.) мен Хауа Анаға Жұмақтан түсіп, Жер бетіне барыңдар деп бұйырғанда, былай делінген болатын: «Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралық келсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік» (2:38).

Басқа аятта Алла Тағала «Менен сендерге бір туралық келсе» дегенді былай түсіндіреді: «Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды» (2:277)

2. Аллаға сенім артыңыз.

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Егер сендер Аллаға лайықты түрде сенім артсаңдар, онда Ол ұясынан аш кетіп, тойып келетін құсқа несібе бергендей, сендердің де несібелеріңді береді» (Тирмизи).

3. Оптимизмді дамытыңыз.

Кейбір адамдар мұсылмандар үнемі түңілген күйде жүрулері керек деп ойлайды, яғни, мұсылман баласы мұсылман үмбетінің нашарлап бара жатқан жағдайы және Тозақ оты туралы саруайымға салынып, үнемі алаңдаушылық күйде болуы қажет. Осы идеяның тамырына балта шабу үшін, өзімізге бір-ақ сұрақ қоюымыз жеткілікті: Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осылай жасап па еді? Ол оптимист адам болған. Негізінде, ол бізге Алла туралы тек жақсы ойлауға кеңес берген, бұл дегеніміз ертеңгі күнімізге деген оптимизмді білдіреді.

Калифорния университетінің психология профессоры Соня Любомирски «Бақыт психологиясы» деген еңбегінде оптимизмді таратудың мықты тәсілдерін келтірген. Міне, соның кейбіреулері:

«Бір жақсы блокнот немесе әдемі бір бет қағаз алып, оңаша жерге отырып, өзіңіздің келешегіңіз туралы ойлануға, келешекте сіздің барлық жоспарларыңыз бен тілектеріңіздің, алдыңызға қойған мақсаттарыңыздың орындалғанын және өзіңіздің қандай күйде болатындығыңызды жазуға 20-30 минут уақытыңызды бөліңіз. Тамаша келешегіңізді сипаттау барысында сіздің басыңызға жаңа идея мен көркем ойлардың келері сөзсіз. Бір нәрсеге алаңдап жүргенде, көбіне біз келеңсіз дүниелер туралы ойланамыз. Күнделікпен жаттығу жасау жақсы көңіл-күйде болып, өзімізді жақсы сезінуге итермелейді».

4. Жетістіктеріңіздің жазбаша есептемесін жүргізіп отырыңыз.

Егер сіз Аллаға сенім артар болсаңыз, Ол сізді қайғы-мұңнан ада етеді. Бұл жағдайда блокнотқа жазатын есептеме аса пайдалы болмақ. Келесі қарапайым жаттығуды жасау үшін күнделікті 10 минут уақытыңызды бөліп көріңізші:

Сол жақ бағанаға сізді мазалап жүрген ойларды тізіп жазыңыз да әрбір ойыңызға талдау жасаңыз. Содан кейін оң нәтиже беретін балама туралы ойланыңыз. Оң ойларыңызды оң жақ бағанаға жазыңыз. Міне, сізге үлгі ретінде көрсетейік:

Теріс ойлар

Оң ойлар

Мен емтиханнан құлаймын

Мен емтиханнан сүрінбей өтемін, ин ша Алла

Мен сұхбаттасудан өте алмаймын

Сұхбаттасудан өтіп, арманымдағы жұмысқа тұрамын, ин ша Алла

Бұл тыңдаушылардың алдында сөз сөйлей алмаймын

Менің сөз сөйлеуім керемет өтеді, ин ша Алла

Бірнеше апта бойы осы жаттығуды жасап көріңіз, сонда сізді мазалап жүрген теріс ойларыңыздың саны мен қарқындылығының қаншалықты азайғанын байқайсыз. Оның орнына теріс ойлармен күреске түсетін оң пиғылдағы нұсқаулар пайда болады.

Ескерту: Егер сіз үнемі үрейде болып жүрсеңіз, дәрігерге немесе  психиатрға баруға ұялмаңыз, өйткені бұл көптеген психологиялық қиындықтардың немесе денсаулығыңыздың сыр беріп жүргенінің белгісі болуы мүмкін.

 

 

Мұнсыз сіздің иманыңыз кемеліне жетпейді

Күндердің күнінде мәртебелі Омар (р.а.) Пайғамбарымызға ()жан сырын аша отырып былай айтқан екен: «Уа, Алла Елшісі! Ақиқатында, сені өзімнен емес, басқалардан артық жақсы көремін!» Біздің сүйікті Пайғамбарымыз ()оған: «Әй, Омар! Мені басқалардан да, өзіңнен де артық жақсы көрмейінше сенің иманың кемеліне жетпейді», - деп жауап беріпті.

Алла Елшісіне () деген сүйіспеншілік – бізді Алланың сүйіспеншілігіне жетелейтін жолдардың бірі. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған: «(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» (3:31). Аллаға бойұсынушылық пен Оның сүйіспеншілігіне қол жеткізу – Пайғамбарымызға деген жан құштарлығы арқылы іске асады. Кімде-кім Алла Елшісіне () мойынсұнса, сол сөзсіз түрде Аллаға да мойынсұнады. Алла мен Оның Елшісіне () бойұсын – біздің Жаратушымыздың әмірі, міне, осы.  

Пайғамбарымыз () былай айтқан: «Менің жанымның Иесімен ант етемін, мені өзінен, балаларынан, ата-анасынан артық жақсы көрмейінше, ешкім де иман келтірген болмайды». Сүйіспеншілік – кез-келген құштарлық пен достықтың қажетті шарты. Ал Алла Елшісінің ()достығы, Алла Тағаланың достық қарым-қатынасы сияқты Аллаға және Оның Елшісіне ()деген құштарлық арқылы болады. Сүйген жан сүйіктісімен болғысы келеді ғой.

Сүюші сүйіктісінің тілектерін орындағысы келеді. Сүюші сүйіктісі үшін кез-келген құрбандыққа баруға дайын. Ал Алла Елшісін ()оның жақын сахабалары қалай жақсы көрді екен? «Уа, Алла Елшісі, сен үшін менің өмірім де, менің ата-анам да құрбан болсын!» - деп айтқан олар. Міне, сахабалар Пайғамбарымызды () осылай жақсы көрген. Олар мәртебелі Пайғамбарымызды ()өз өмірлерінен де артық бағалаған.  Алла Елшісі ()оны өзімізден, балаларымыздан, ата-анамыздан артық жақсы көруімізді қалайды. Адам бәрінен бұрын өзін, содан кейін балаларын, ата-анасын жақсы көреді. Алла Елшісі () оның айналасында сүйіспеншілік шеңберін құруымызды қалайды. Келесі аятқа сай: «Расында нәпсі жамандыққа бұйырады» (12:53) адамның нәпсісі жаман жаққа бұрып тұрады, бірақ Пайғамбарымыз () бізден зұлымдықты емес, тек жақсылықты ғана күтеді. Ол әрқашан біздің жанымызды жақсартуға тырысқан. Ол біз үшін ең көркем өнеге, ол бізге өзімізден де жақын. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» (9:128).

Біз үнемі оның жүрегінде болғанбыз. Алла Елшісі (), пайғамбарлардың Пайғамбары ()да мәңгіге біздің жүрегімізде қалады! Біз айтып отырған Алла Елшісіне () деген сүйіспеншілік жай ғана сүйіспеншілік емес. Ол біздің өміріміздің шамшырағы, ол бізге көркем үлгі болу үшін жіберілген әрі адами қасиеттері жағынан біз оған ұқсауға тырысуымыз қажет.

Асхабтар Пайғамбарымызды () қалай жақсы көрді десеңізші! Олар оны өздерінен де артық жақсы көрген. Солардың бірін өлім жазасына кесердің алдында мүшріктердің бірі сенің орныңда Пайғамбардың болғанын қаламайсың ба деп сұраған екен. Сонда әлгі асхаб: «Менің орнымда болмақ тұрмақ, оның аяғына тікеннің кіргенін де қаламаймын», -  деп жауап берген екен.

Балаларынан, күйеуінен айырылған бір асхабтың әйелі: «Бұл ауыртпашылық түк те емес. Ең бастысы, Алла Елшісі тірі ме, маған соны айтыңдаршы?» - деп сұрапты.  Ол балалары мен күйеуі туралы ойламай, Алла Елшісінің ()саулығын сұраған екен. Алла Елшісіне () деген бүкілхалықтық сүйіспеншілік біздің поэзиямызда да кеңінен орын алған, өйткені оған деген сүйіспеншілік мүміндердің жүрегінде ерекше орын алып ұялаған. Сөзсіз, бұл сүйіспеншілікте сыйластық пен құрмет те бар.

Алла Елшісін ()біз де өз өмірімізден артық жақсы көруге тырысуымыз керек. Пайғамбарымызды ()өмірімізден артық жақсы көре отырып, ол бас тартқан нәрселерден біз де бойымызды аулақ салып, оларды жақсы көрмеуіміз керек. Аллаға және Оның Елшісіне () деген сүйіспеншілік мәңгіге біздің жүрегімізден орын алсын деп тілейік, ағайын.

 

Біздің бақытты болуымызға кедергі келтіретін 12 нәрсе

«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (16:97).

Бұл фәни дүниеде Алланың бізге нәсіп еткен сыйын «жақсы өмір» деп айтамыз. «Жақсы өмір» дегеніміз не?. Жақсы өмірдің барлық саласында тыныштық сезімі болады. Әли ибн Әбу Талиб бұл сезімді қанағаттану деп түсіндірген. Ибн Аббас, Икрим және Уахба бина Мунабих та осындай пікірді ұстанған. Әли бин Әбу Талха  Ибн Аббастан мұның бақытты білдіретінін естіген.  

Өзіңізді бақыттыдан гөрі бақытсызбын деп айтуыңыз мүмкін. Мұның себебін білесіз бе? Қане, өз бақытыңызға қол жеткізуіңізге кедергі келтіретін 12 нәрсені қарастырып көрейік.

1. Барлық нәрсені өз бақылауыңызда ұстауға тырыспаңыз.

Сіз үнемі баса көктеп, жағдайды бақылауда ұстауға тырысасыз, ал егер сәтсіздікке душар болсаңыз, қапаланасыз. Алланың бір есімі - әл-Уакил, яғни, «Жебеуші» деген мағынаны білдіреді. Алла – қамқоршы, жебеушілердің ең жақсысы. Өз ісіңізді Аллаға тапсырыңыз, Ол сізге ең үздік нәтижені кепіл етеді.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт» (73:9).

Аллаға сенім білдіру құлшылық түрі бола тұра сізге тыныштық сыйлайды.

2. Наразылық танытпаңыз

Сауда тым қымбатқа түсті. Ауа райы өте ыстық. Балалар үнемі шаршатады. Осы бір таусылып-бітпейтін наразылықтардың сізге көмектескен кезі болды ма? Үнемі наразылық таныта берсеңіз сіздің жағдайыңыз нашарлай береді.

Пайғамбарымыз () былай айтқан: «Өзіңізден жоғары дәрежеде емес, төмен дәрежеде тұрғандарға қараңыздар, сонда ғана сіз Алланың сізге нәсіп еткен нығметтерін көре аласыз» (Мүслим).

Дұрыс ойлаудың құдіреті мықты! Сіз раушан гүлінің тікенегі бар деп наразылық таныта аласыз немесе тікенекте раушан гүлі бар деп қуана аласыз. Таңдау сіздің қалауыңызда.

3. Үнемі дұрыс болуға тырыспаңыз

Тіпті дәлелдеріңіз таусылып бара жатса да сіз өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеуге тырысасыз ба? Онда сіз эгоның жетегінде кеткеніңіз. Сізге дұрыстығыңыз маңызды ма әлде жақсы болғаныңыз ба?

Пайғамбарымыз ()  былай айтқан: «Алла өзінікі дұрыс болып тұрса да дау-жанжалды тастаған адамға Жұмақтан үй тұрғызуға кепілдік беремін деген» (Әбу Дәуд).

Біреуді кекеп-сынағандағы сіздің шынайы ниетіңіз қандай? Мұны Алла үшін жасайсыз ба әлде өзіңізді таныту үшін жасайсыз ба? Мәселе осында.

«Исламға қатысты ауырлатпай, жеңілдетіңдер, қапаландырмай, қуантыңдар» (әл-Бұхари).

5. Өз-өзіңізді төмен бағалаудан құтылыңыз

Өз-өзін төмен бағалау расымен де адамдарды жақсартуға көп кедергі келтіреді. Аллаға иман келтіру және жақсы амалдар бізді жаратылғандардың жақсысы етеді. Сондықтан құрдымға кетірер жаман ойлардан тезірек құтылыңыз, сіз расымен де бұдан жақсысыз. Неге дейсіз ғой? Өйткені Алла солай айтқан!

«Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы» (98:7).

6. Кінә тақпаңыз

«Мен кінәлы емеспін». «Кінәлы басқа біреу». «Қазір уақыт осындай». Байқайсыз ба, өз сәтсіздіктеріңіз үшін көбіне сіз басқа адамдарды немесе жағдайды кінәлап жатасыз?

Басқа адамдардың сіздің көңіл-күйіңізді басқарып, жеке бақытыңызға ие болуына мұршат бермеңіз! Жауапкершілікті өз қолыңызға алар кез келді.

«Кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе де өзіне тән. Раббың құлдарына зұлымдық істеуші емес» (41:46).

7. Біреуге жақсы әсер қалдыруға тырыспаңыз

Шынайы болыңыз. Шексіз түрде бет перде киіп жүру адамды қатты есеңгіретіп тастайды. Осы өмірде, ақирет өмірінде сізді бақытқа кенелтіп, құтқаратын Аллаға ғана жақсы көрінуге тырысыңыз!

Пайғамбарымыз () былай айтқан: «Кімде-кім ғалымдармен көрші болуға, ақымақтармен сөз таластыру арқылы адамдарға жақсы әсер қалдырғысы келетін болса, оны Алла Тозақ Отына салады» (имам ат-Тирмизи).

8. Құштар болмаңыз

Құштар болу көбіне қорқыныш сезімінен болып жатады. Сүйіспеншілік пен  құштарлық – екі түрлі нәрсе. Сіз бір адамды немесе әлдебір нысанды жақсы көруіңіз мүмкін, бірақ оны жоғалтып алғанда құлазып қалмайтындай, оған құштар болмауыңыз керек. Өзіміз жете түсінбей бұл баянсыз дүниеге, адамдарға, нәрселерге және әлдебір жерлерге құштар болып жатамыз.

«Уа, адамдар! Кімде-кім Мұхаммедке сиынса, білсін, Мұхаммед өлді. Ал кімде-кім Аллаға сиынса, білсін, Алла – Тірі, өлмейді» (Әбу Бәкір).

9. Ақталмаңыз

Жиі ақталатын адамдардың басым көпшілігі көбінше сәтсіздікке ұшырап жатады.  «Құран оқуға мен өте кәрімін». «Намаз оқып, ораза ұстауға мен әлі сондай жаспын». Сіздің осындай ақталуыңыз өз сәттілігіңізге кесе көлденең болады!

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз () былай айтқан: «Өз қылықтарын өздерінің алдында ақтап бастамай, адамзат құрымайды».

10. Өткенмен өмір сүрмеңіз

Өзіңізге бақытты болар кез келді деп айтыңыз. Өмірімізде күнделікті болып жатқан дүниелердің бәрі кездейсоқ емес. Өмір сүруді қазірден бастаңыз.

«Ешбір кінәлік сезім өткенді өзгертпейтініндей, еш алаңдаушылық келешекті өзгерте алмайды. Өзіңе сондай қатал болма, өйткені істің соңы тек Алладан» (Омар бин әл-Хаттаб).

11. Қорқыныштарыңызды жайына қалдырыңыз

«Мен кедей болып қалсам ше? Науқастанып қалсам ше? Ал егер мен әйелімнен айырылып қалсам ше?»

Қорқыныш – тек иллюзия ғана. Өз қорқынышыңыздан құтылып, тек Алладан ғана қорқатын болғанда ғана сіз өзіңізді анағұрлым бақытты сезінетін боласыз!

Алла Тағала былай айтқан: «Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар» (3:175).

12. Бөтендердің үмітін ақтамаңыз

Бөтен біреулер сіз туралы не деп ойлап қалады деп үнемі алаңдап жүресіз бе? Басқа адамдардың пікірінен қауіптену – расымен де сіздің бақытыңызға кедергі келтіреді.

Алла Елшісі () былай айтқан: «Егер кімде-кім адамдардың ашуына қарамастан, Алланың разылығын іздесе, онда Алла оны Өз разылығына бөлейді әрі адамдардың қанағаттануын сыйлайды. Ал егер кімде-кім Алланың ашуына қарамастан адамдардың разылығын алғысы келсе, онда Алла оған Өз ашуын және адамдардың ашуын қарсы қояды» (Тирмизи).

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: