Әй, намазды елемейтіндер, өздерің туралы не ойлайсыңдар?
Сендер өз Раббыларыңа соншама бағынышты емеспіз және Оған құлшылық етуге не кедергі келтіреді деп шынымен де ойланасыңдар ма?
Әлде сендердің тәкаппарлықтарыңның сондай дәрежеге жеткендігі соншалықты, ол сендердің Жаратушыларыңның алдында бойұсынып әрі бағынышты болып тұруға кедергі келтіре ме?
«Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? Ол сондай Алла, сені жаратты. Толықтап теңестірді. Ол, сені қалаған бейнеде құрастырды» (82:6-8).
Адамды дін аясында ұстайтын басты да соңғы нәрсе — намаз екенін, одан айырылғанда адам өз дінінен айырылуы мүмкін екенін сендер шынымен білмейсіңдер ме?
Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Исламның дәнекері бірінен кейін бірі шешілетін болады; әр кез бір дәнекер шешілгенде, адамдар басқасына жармасатын болады. Шешілетін бірінші дәнекер — ол заң, ал олардың соңғысы — бұл намаз» (Ибн Хиббан).
Кімде-кім әдейі намазды елемесе, онда олар Алланың қамқорынан (қорғауынан) шығатынын сендер шынымен білмейсіңдер ме? Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Аллаға серік қоспаңдар, тіпті сендерді қинайтын болса да; ата-аналарыңа бағыныңдар, тіпті егер олар сендердің барлық мүліктеріңді алар болса да; және де әдейі намазды елемей қоймаңдар, кім намазды елемесе, Алланың қамқорынан шығады» (Табарани).
Әй, намазды елемейтіндер, сендердің жасап жүргендеріңнен кейін сендерде діннен не қалды? Намаз — Исламның шарты әрі діннің негізі екенін сендер білмеуші ме едіңдер?
Намазды елемеушілік адамды сенбеушілікке әкеліп соғатынын сендер шынымен білмейсіңдер ме? Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Адам мен сенбеушіліктің арасында оның намазы тұрады» (Мүслім). Исламның кейбір ғалымдары намазын тастаған адамды дінсіз деп санаған.
Пайғамбарымыз (ﷺ) тағы да былай айтқан: «Сенім мен сенбеушіліктің шекарасы намаз оқу арқылы өтеді. Сондықтан да кім намазды елемесе, ол діннен шығуы мүмкін» (Ахмад пен Тирмизи).
Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) ауыр жарақаттанған болса да намазын оқып, былай айтқан: «Кімде-кім намазды елемесе, оның Исламда үлесі жоқ».
Ибн Масуд (р.а.) келесіні айтқан: «Намазды елемейтіннің діні жоқ».
Имам аз-Захаби былай айтқан: «Намазын кешіктірген адам ауыр күнә жасайды, ал намазды толықтай елемеген адам, зина немесе ұрлық жасаған адам тәрізді. Бұдан басқа, намазды елемеу — үлкен күнә және бұны әлденеше рет жасаған адам, егер тәубесіне келмесе, ол ауыр күнә жасаған адам болып табылады. Дегенмен, егер ол намазды елемеуінен қайтпаса, ол жеңілгендер, зұлымдар мен қылмыскерлердің қатарында болады».
Әй, намаздарын елемеушілер, намазды елемеушілік пен оған немқұрайлылықта екіжүзділіктің белгісі бар екенін білмейсіңдер ме? Алла Тағала Құранда былай айтты емес пе?:
«Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады» (4:142).
Және де Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Мұнафықтарға ең қиыны — құптан мен таң намаздары. Егер олар осы намаздардарға берілер сауаптарды білсе, тіпті соны оқу үшін еңбектеуге тура келсе де келер еді» (Мүслім).
Әй, намазды елемейтіндер, сендер көресіңдер — мұнафықтар намаздарға келеді, бірақ оны тек көрсету үшін ғана оқиды. Ал оларды мүлде оқымайтын сендер туралы не айтуға болады?
Әй, намазды елемейтіндер, біліп қойыңдар, әлемдегі барлық жаратылғандар өз Жаратушысының алдында сәждеге бас қояды, бірақ сендер оны орындағыларың келмейді. Алла Тағала айтады:
«(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді!» (22:18).
Егер намаз оқымасаңдар, онда сендер жазаға тартылар адамдардың бірі боласыңдар.
Әй, намазды елемейтіндер, сендер шынымен де барлық жаратылғандардан — тастан, күннен, айдан, жануарлар мен өсімдіктерден нашар болғыларың келе ме, олардың сендерден үздік әрі ақылдырақ болғаны ма?
Әй, намазды елемейтіндер, кімде-кім намазды елемесе, Қиямет күні қорқыныш пен күйзелісте болатындарыңды білмейсіңдер ме? Алла Тағала айтқан:
«Қиямет күні, балтыр (шындық) ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын» (68:42-43).
Сендердің халдерің қандай аянышты болады, егер осы қалыптарыңда намаз оқымай көз жұмар болсаңдар.
Жағдайларың қандай қиын болар, егер осы қалыптарыңда қайтадан тірілер болсаңдар.
Намазды елемей жүріп, өздеріңе жинаған сендердің күнәларың қандай ауыр болады.
Әй, намазды елемейтіндер, намазды елемеушілік естен шығару мен жүректің қатыгездігі екендігін білмейсіңдер ме? Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:
«Адамдар жұма намазын елемейтіндіктерін доғаруы қажет, әйтпесе Алла олардың жүректерін мөрлеп тастайды да олар қамсыздардың арасында болады» (Мүслім).
Әй, намазды елемейтіндер, намазды елемейтін адамды кәпірлер және қылмыскерлермен бірге Тозақта азапқа салатынын сендер білмейсіңдер ме?
Тозақ адамдарының олардан сұрағандағы жауаптарына құлақ салыңдаршы:
“ Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?” Олар: “Біз намаз оқушылардан емес едік” (74:42-43).
Және де Алла Тағала айтады:
«Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады» (19:59).
Әй, намазды елемейтіндер, намазды елемеушілік — бұл дүниедегі және келесі дүниедегі түнек, қирау әрі адасу екенін білмейсіңдер ме? Пайғамбрымыз (ﷺ)былай айтқан:
«Кім намаздарын оқыса, Қиямет күні олар оған жарық, дәлел және құтылу болады. Ал оларды оқымағанда жарық та, дәлел де және құтылу да болмайды. Қиямет күні ол Қарунмен, Перғауынмен, Хаманмен және Убай ибн Халяфпен бірге болады (Исламның дұшпандары)» (Ахмад).
Әй, намазды елемейтіндер, сендер кәпірлердің көсемдерімен және надандықтың, әділетсіздіктің әрі адасушылардың көшбасшыларымен тірілгілерің келе ме?
Әй, намазды елемейтіндер, намазды елемеушілік - адамға келер ең ауыр апат, зілзала және бақытсыздық екенін білмейсіңдер ме? Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кім екінті намазына үлгермесе, барлық жанұясы мен мүлігін жоғалтқан адам сияқты» (Әл-Бұхари).
Бұл тек екінті намазын жіберіп алған адам туралы айтылған, ал онда барлық намаздарын жіберіп жүрген адам туралы не айтуға болады?!
Әй, намазды елемейтіндер, біліп қойыңдар, намазға деген ұқыпсыздық уайымға, мазасыздыққа, жүректегі ауыртпалыққа және қиын өмірге әкеліп соғады. Алла Тағала айтады:
«Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз.
“Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында мен көретін едім” дейді.
(Алла): “Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың” дейді». (20:124-126).
Намазды елемейтіндердің жағдайы қандай аянышты. Сендердің өмірлерің өтіп барады, өмір соңына жетіп қалды, ал сенің жүрегіңде сен және сенің Жаратушыңның арасында әлі де болса шымылдық тұр.
Сендер дүниедегі ең жақсы нәрсе — Аллаға құлшылықты, Оны еске алуды, Оған разылықты және Оған бет бұруды сезінбей өмір сүріп жатырсыңдар.
Әй, намазды елемейтіндер, сендердің діндеріңдегі қымбат дүние не болуы мүмкін, егер намаз сендер үшін ұмытып кететін болмашы нәрсе болып қала берсе? Білесіңдер ме, намазды елемейтіндер діндегі қалған нәрселерді де оп-оңай елемей кете алады. Әл-Хасан былай айтқан: «Әй, Адамның баласы, егер сенің намазың сен үшін болмашы нәрсе болса, онда саған не қымбат болмақ?»
Әй, зейінсіз адам, Жаратушыңның алдында намаздарын ұмытқандардың қатарында болмас үшін, саған ажалың келгенше, өз Раббыңа бет бұр.
Былай айтпай тұрып, өз Жаратушыңа бет бұр:
«Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: “Раббым! Мені дүниеге қайтар!” “Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы амал істермін.” Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар» (23:99-100).
Былай айтпай тұрып, өз Раббыңа бет бұр:
«“Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді” дейді» (89:24).
Былай айтпай тұрып, өз Раббыңа бет бұр:
«Олар тозақта: “Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік” деп шыңғырады» (35:37).
Былай айтпай тұрып, өз Жаратушыңа бет бұр:
«Кәпір: “Әттең! Топырақ болып кеткен болсам” дейді» (78:40)
Алла бізге және сіздерге шынайы тәубе берсін әрі ажалымыз келгенше Оған оралуымызға нәсіп етсін. Және де біздің соңғы үндеуіміз: Барлық мадақ әлемдердің Жаратушысы Аллаға болсын!