Етеккір (хайыз) мен босанғаннан кейінгі тазару (нифас) фиқһын білу мұсылманның күнделікті өмірінде болып жататын көптеген жағдайларда қажет, ал ажырасу – ерекшелік емес. Егер адамдар етеккір фиқһын түсінбесе, олар ажырасуға болмайтын кезде ажырасып кетуі мүмкін немесе, керісінше, заңдастырылмаған неке құруы мүмкін.
Жалпы жағдайлар
Ажырасқан соң мұсылман-әйел Шариғатта «идда» деп аталатын күту кезеңінен өтпейінше, қайтадан тұрмысқа шығуға құқығы жоқ. Идда бітпей тұрып күйеуі мен әйелі қайталап некеге отырмай, қайтадан қосылуға құқықтары бар, егер үш ажырасу немесе бір ажырасу орын алған жағдайдан басқа кезде әйелін қайтаруға құқығы жоқ.
Егер әйел басқа біреуге идда мерзімі бітпей тұрып тұрмысқа шықса, ондай неке жарамсыз болады.
Идданың жалғасуы
1) Идда негізінде үш етеккір кезеңінен тұрады және ажырасқаннан кейінгі үшінші етеккірдің аяқталуымен бір уақытта бітеді, сондықтан идданың жалғасуы нақты бір әйелдің етеккір кезеңінің уақытына байланысты өзгереді. Мысалы:
Мәриямның тұрақты етеккір кезеңі: хайыз 5 күн және тухра (етеккірден таза кез) 25 күн. Күйеуі оның хайызына 10 күн қалғанда ажырасты делік. Бұл жағдайда идда: 10+5+25+5+25+5=75 күн болады.
2) Егер әйелдің етеккірі ешқашан келмеген болса (сирек кездесетін құбылыс, бірақ блуы мүмкін) немесе ол етеккір үзілісі жасына жетіп (55 жас), оның етеккірі тоқтаса, онда оның иддасы күнтізбенің үш айы болады.
3) Егер күйеуі әйелінің аяғы ауыр жүргенде ажырасса, ол босанғанда идда аяқталады: идда бірнеше айға немесе бар-жоғы бірнеше сағат/минутқа созылуы мүмкін, егер ажырасу тікелей босану алдында орын алар болса. Егер түсік болса, идда аяқталған болып саналады, егер ұрықтың қалыптасқан адам белгілері: саусақтары, қолдары, аяқтары, шашы және т.б. болса).
Егер қалыпты келмейтін етеккір циклы салдарынан идда өтті ме әлде жоқ па деген күмән туатын болса, келешектегі жағымсыз салдарды болдырмас үшін, түсініп алуға білетін адамдарға жүгінген жөн.
Етеккір кезіндегі ажырасу
Әйелінде етеккір болып жүргенде, күйеуіне ажырасуға тыйым салынған (харам). Мұндай ажырасу жаңа құбылыс (бида’а) болып табылады, дегенмен жарамды болады. Еркек күнә жасағанын түсініп, тәубесіне келуі керек.
Сүннет бойынша, егер әлдебір себептермен күйеуі әйелімен ажырасуды шешсе, ол оны тухра (кезеңдегі таза аралық) кезінде жасауы керек, екеуінің арасында жақындық болмаған кезде.
Егер дегенмен күйеуі әйелімен оның етеккірі кезінде ажырасса, бұл ажырасу есептеледі, бірақ үш етеккірді жоғарыда берілген мысалдағыдай емес, келесі мысалда көрсетілгендей есептеу қажет болады. Мысалы:
Әсияның қалыпты етеккір кезеңі – хайыз 6 күн және тухра 30 күн. Оның хайызының 4-і күні болғанда күйеуі онымен ажырасты делік, Әсияның иддасы бірден басталады, бірақ бұл хайыз үштің біреуі болып саналмайды. Ол келесі хайызды күтіп, санауды содан бастауы қажет. Хайыздың қалған екі күні мен одан кейінгі тухрасы оның иддасына кіреді. Бұл жағдайда идда: 2+30+6+30+6+30+6=110 күн болады.
Босанғаннан кейінгі тазару (нифас) кезіндегі ажырасу да күнә болып табылады. Мұның себебінің бірі – идда уақытының анағұрлым көбеюі, өйткені босанған соң етеккір кезеңі жыл немесе одан да көп болмауы мүмкін.
Әйелдің иддасының өткен, өтпегенін тек әйелдің өзі ғана біледі. Әйелге қайтадан тезірек күйеуге шығуға немесе, керісінше, күйеуі оны қайтадан қайтарып алмас үшін, өзінің иддасының біткені туралы ақиқатын жасыруға қатаң тыйым салынған.