#Меркі ауданы: Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің рөлі

#Меркі ауданы: Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің рөлі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа технологиялар күн санап дамып жатқан кезде әлеуметтік желінің арғы жағында отырғандардың айласы діттегеніне жеткізбей, адамды адастыратын, ақылынан алжастыратын жалған ақпараттар аз емес. Осындай арам пиғылды адамдардың арбауынан арылу үлкен мәселенің бірі болып отыр. Қаншама адам «жат ағымды жақтаушылардың сөзіне алданбаймын, өзімнің ерік-жігеріме жауап беремін» десек те, алданып қалып, адасып жатамыз.

Осындай күрделі ақпараттық заманда кез-келген діни ақпаратқа сеніп, соңынан еріп кете бермейтін, өзін берік ұстай алатын, былайша айтқанда, екі аяғын нық басқан иманды көзқарас иесі, түптеп келгенде нағыз ізгі әрекет жасай алатын елге тұлға азамат дәрежесіндегі жастар ғана елдің болашағы. Ал, бұл деңгейге көтерілу – терең тамырлы, әрі күрделі процесстің бірі. Ол үшін жастарға дүнемі дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруымыз қажет.

Осы мақсатта, Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан мешіт жамағатына «Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Уағыз барысында, жат ағым өкілдерінің интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдалануы, олардың қызметi өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауы, жаңа мүшелердi өз қатарларына тартуы, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуы және өздерiне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуі, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасап жатқандығы айтылды.

Сонымен қатар, деструктивті діни ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары біздің қоғам мен мемлекетке қарсы және агрессиялық сипатта екені айтылды. Алла Тағала баршамызды Исламның тұнығынан сусындап, адасудан сақтасын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: