Ақмола облысындағы Ш.Әбілкәрімұлы атындағы Красный яр кентінің мешіті балалардың қысқы демалысына арнап тағылымды кездесу ұйымдастырды.
Мешіт шәкірттері күні бойы облыс орталығындағы рухани орталықтарды аралады. Алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде жергілікті тарихтан нәр алса, «Әдебиет және өнер» музейінде жергілікті шығармашыл тұлғалар жайлы қанықты. Қазақ елінің батыр ұлы, өлке тумасы Мәлік Ғабдуллин өмірінен сыр шертетін деректерді біліп, оның соғыс жылдарындағы ерлік жолы, ғылымдағы өмірі жайлы әңгімелерге ден қойды.
Мешіт балаларға «Атамұра» дәмханасында түскі ас берді. Осылай тағылымды кездесулер шәкірттерге ерекше әсер етті. Өз туған жерінің тарихын зерделеп, оның ұлы тұлғалары жайлы мол мағұлмат алды.