#Меркі ауданы: Айлық дастархан жайылды

#Меркі ауданы: Айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ақтоған ауылы «Шақшам ата» мешітінің имамы Турпанов Асқардың мұрындық болуымен мешіт асханасында айлық дастархан жайылды.

Жиын Дастан қаридың ран оқуымен және ауданның бас имамы Азамат Берікұлының бата беруімен басталды. Ақ дастарханға аудан ауылдарының мешіт қызметкерлері мен жамағаттары қатысты.

Аудан имамы Азамат Берікұлы сөз бастап ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, ауданға қарасты дін қызметкерлері шариғатты тілге тиек етіп, жамағтты жаннатқа құлшындырып, тозақтан сақтануға шақырды.

Жиында Ақтоған ауылының жастары денсаулығы болмасада, шамасы келгенше 5 уақыт намаздан қалмай, мешіт құсына айналған ағаларына сыйлық жасады.

Жиын соңында, қазақи салт-дәстүрмен зейнетке шыққан дін қызметкерлері мен ауылдың бетке ұстар ақсақалдарына шапан жабылды. Жамағат Алла Тағаладан Еліміздің, Жеріміздің амандығын сұрап, дұға жасап тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: