#Меркі ауданы: Ұмра қажылығына дайындық

#Меркі ауданы: Ұмра қажылығына дайындық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Қажылық» бөлімінің Меркі ауданы бойынша жауапты өкілі, аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ақпан айында қасиетті Мекке мен Медина қалаларына Ұмра қажылығына баратын Меркі ауданы тұрғындарына семинар өткізді.

Оқыту семинарында бас имам Қажылық сапарына шықпастан бұрын атқарылу керек рухани және материалдық дайындықтың қалай болу керектігін түсіндірді.

Қажылық және ұмраның әдептері мен мәдениетін, құлшылықтың атқарылу барысындағы шарттары мен тыйым салынған істерді, сондай-ақ дұғалар мен зиярат әдептерін үйретті.

Сонымен қатар еліміздегі қажылыққа апаратын туроператорлар мен турагенстволардың айырмашылығына тоқталып, алаяқ компанияларға алданып қалмау үшін жергілікті аудандық мешіттегі қажылық бөліміне келіп діни маманнан ақпарат алуға шақырды.

Алла Тағала қажылыққа аттанып жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етсін!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: