#Байзақ: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ КӨМЕК БЕРІЛДІ

#Байзақ: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ КӨМЕК БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

          Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіті жамағатының атсалысуымен Жамбыл облысы Тараз қаласында орын тепкен «Һибатулла Тарази» медресе колледжінде оқып жатқан студенттерге ас беріліп, шәкірттерге қаражаттай қолдау көрсетілді. Шараға РАНТ-ның мүшелері Нұрәлі Бақытұлы, Қанат Әділханұлы, медресе ұстазы Нұрсұлтан Зулпыкаров, медресе колледж шәкірттері және «Байзақ баба» мешітінің жамағаты қатысты.

          Нұрәлі Бақытұлы: «Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы оның хақ дін екенін дәлелдей түссе керек. Демек, білімді тек Ислам діні қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – десе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған», - деді.

          Жалпы медресе колледжде оқып жатқан студенттерге 110 000 теңге қаражат берілді. Тәлімгерлер ауданнан келген жамағатқа өз алғыстарын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: