#Байзақ: АУДАНДЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

#Байзақ: АУДАНДЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

          Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылылдық  «Шолпан Дәуіт» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты Дөсеке Ұлантай Әлібекұлын еске алуға арналған Құран жарысы өтті. Жарыс «30-пара», «жарты пара» және «Құранды бетінен оқу» аталымдары бойынша өтті. Жарысқа ауыл мешіттерінде діни сауатын ашып жатқан шәкірттер қатысты.

          Жарысқа төрелік жасауы үшін, арнайы келген Жамбыл облысының бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы, сондай-ақ, аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы Үлгілі ауылдық «Әбдімәжит» мешітінің  имамы Түзелбай Қайыржан Пердебайұлы және Хазрет Досмұхамметұлы қари қатысты.

          Жарыс барысында Бейбіт Әліпбекұлы: «Алла Тағала: "Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі үндемеңдер, рақымдылыққа бөленесіңдер", – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (Алла оған разы болсын) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда ежіктеп қиналған кісі екі сауап алады», – деп, сөз бастап, жарысты ашып берді.

          Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Ұлантай Әлібекұлы 1993 жылы Байзақ ауданының Бұрыл ауылында дүниеге келген. Білім жолын осы Бұрыл орта мектебінде оқып жүріп, қосымша ауылдың имамдарынан ілім алған. Кейін Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінде оқып жүріп, Алматыда медреседе білім алған. Ұлантай бауырымыз университет бітіргеннен кейін Ресейде магистратура оқыды. Ресейде магистратура оқып жүрген кезінде Томск қаласының Ақ мешітте жамағатқа тәжуидтен сабақ береді. Кейін Қазақ Ұлттық университетінің докторантурасына түсіп, сол жерде мұғалімдік қызмет атқарған. Мектепті, университетті, магистратураны қызыл дипломмен бітірген. 2022 жылы докторантураны бітірер шағында Раббысына қайтты. Ұлантай бауырымыз білім талап етуде өте ықыласты, Құранға деген ерекше махаббаты болған. Алматыда оқып жүргенде Қабылбек Әліпбайұлы, марқұм Бауыржан Әлиұлы, Жасұлан Жүсіпбеков ұстаздардан тәлім алған. Өзі осындай іс-шаралар өткізуді жоспарлап жүрген. Сол бауырымыздың жүзеге асырмаған жоспарларын орындауды жөн көрдік», - деді.

               Аудан бойынша 51 жасөспірім бақтарын сынаған Құран жарысы нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен 3 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген жарыскерлердің тізімі төмендегідей:      

30-парадан:

1-орын: Досмұхаммед Абдулсамад ( «Байзақ баба» мешіті). Жүлдесі – 60 000 теңге.

2-орын: Қали Дархан («Байзақ баба» мешіті). Жүлдесі – 50 000 теңге.

3-орын: Исмайлов Абдувохид («Қалмұрат баба» мешіті). Жүлдесі – 40 000 теңге.

          Жарты  парадан:

1-орын: Мадияр Абдулазиз («Шолпан Дәуіт» мешіті). Жүлдесі – 50 000 теңге.

2-орын: Мырзабек Мұхаммедәли («Әбдімәжит» мешіті). Жүлдесі – 30 000 теңге.

3-орын: Кенжебай Нұрасыл («Байзақ баба» мешіті). Жүлдесі – 20 000 теңге.

Құранды бетінен оқу бойынша:

1-орын: Мәден Мұхаммедәлі («Жаныс баба» мешіті). Жүлдесі – 40 000 теңге.

2-орын: Қобыланды Маратұлы («Аймантөбе» мешіті). Жүлдесі – 30 000 теңге.

3-орын: Абдімомунов Абдулазиз («Қалмұрат баба» мешіті). Жүлдесі – 20 000 теңге.

Қалған қатысушыларға алғыс хат, ынталандыру мақсатында Құран кітап және азын-аулақ ақшалай сый-сыяпат табысталды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: