Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып: - Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы. 

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы: - Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді де қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы: - Дүкенге барып екі жастық алдым - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы: - Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым - деді де қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Сонда өлім аузында жатқан әке баласына риза болып: - Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсысы - айналаңа жарық тарату!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: