Үш тілім нан ақысы

Үш тілім нан ақысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаппар бин Әбу Тәліптің ұлы Абдулла ыстық күндердің бірінде құрма ағаштар бағына түсіп, ағаштардың көлеңкесінде отырады. Сол бақта қызмет еткен бір құлға түскі ас ретінде 3 тілім нан берілгенін көреді. Құл нанды ауызына салайын деп тұрғанда алдынан аш бір ит шығады. Құл қолындағы нанды иттің алдына қояды. Ит нанды бір мезетте жеп қояды. Құл екінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Аш ит бұл жолы да түгін қалдырмай жейді. Иттің әлі де аш екенін түсінген құл соңғы, үшінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Түскі ассыз қалған құл, жұмыс басына өтпекші болғанда, алыстан оны бақылап отырған Абдулла жақындап сұрайды:

– Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды?
– Үш тілім нан.
– Ондай болса неге өзіне түк қалдырмадың?
– Ит өте аш көрінді. Жартысына тоймас еді.
– Енді өзің не жейсің?
– Ораза ұстаймын.

Абдулла бин Жаппар құлдан иесінің аты-жөнін сұрап алады. Иесіне барып хурма бағымен бірге құлды да сатып алады. Қайтып келіп, құлға бақпен бірге өзін де сатып алғанын хабарлайды да: «Сені азат етемін. Осы бақты да сыйым ретінде қабыл ет».

Осыны естіген ел: «Сізден асқан жомарт жоқ, сірә! Ол құл итке бар жоғы 3-ақ тілім нан берді, сіз болса оның ақысына үлкен құрма бағы мен азаттық сыйладыңыз» дегенде, Абдулла: «Күмәнсіз ол менен асқан жомарт! Өйткені, ол қолдағы барын берді, мен болсам бір бөлігін ғана…», - деп жауап берген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: