#Қордай: Сауат ашу курсының шәкірті қари атанды

#Қордай: Сауат ашу курсының шәкірті қари атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің төресі болған жұма күнінде Қордай ауданында қуанышты хабар орын алды. Аудандық «Қордай» мешітінің жанындағы сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкіртіміз қасиетті Құранды толық жаттап, қари атанды. Алланың жер бетін басып жүрген тірі Құранына айналған шәкіртті ауданның бас имамы А.Егизбаев жұма намазына келген көпшілікке таныстырды. Жиналған жамағат ауылдан шыққан төл шәкірттің қари атанғанына қуаныштан тәкбір айтып, ыстық лебіздерін білдірді.

Қари шәкіртке тәлім беріп, Алланың кәләмін жаттатқан ұстазы Зейне Жұмабайұлына жамағат алдында алғыс айтылды. Ауданың бас имамы Құран жаттаудың маңызы мен артықшылығы жайында айтқан әсерлі уағызынан кейін аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбет Әбдікерімұлы сөз кезегін алды. Бітіруші жас қариға өзінің ыстық лебізін білдіріп, көпшілік алдында ақ батасын берді. Қасиетті Құран Кәрімді жаттап бітіргені үшін, арнайы сертификат пен аудандық мешіт тарапынан ұйымдастырылған кіші қажылық, яғни «Ұмра» жолдамасын табыс етті.

Жиналған жамағат қари атанған 11 сынып оқушысы Базарбай Рашидтің әкесін құттықтап, болашақта елімізге еңбек ететін ұлдарымыздың көп болуын тілеп, ақ батасын берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: