Алты ғасырлық тарихы бар медресе табылды (ФОТО)

Алты ғасырлық тарихы бар медресе табылды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркістанның солтүстік-батысындағы ежелгі Сауран шаһарында жүргізілген қазба жұмыстары барысында діни білім ошағының орны табылды. Археологтар тарихы мыңдаған жылды құрайтын медресені XVI ғасыр жәдігеріне балап отыр. Бұл туралы reactor.inform.kz порталы advantour.com сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Мамандар сәулет өрнегі өзгеше медресені қазақ топырағындағы байырғы білім ордасы деп санайды. Таң қаларлығы, ғимарат құрылымы бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған.

Қазіргі уақытта археологтар көне медресені зерттеу үстінде. Бізге белгілісі, медресенің 60-тан аса ғимараты бар көрінеді. Ал дәріс бөлмелері өте жақсы сақталған.

Түркістан қазба экспедициясының жетекшісі Ерболат Смағұлов зерттеушілер Қазақстан аумағында дәл осындай ежелгі медресені әзірше кезіктірмегенін хабарлады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: