Әзірбайжан қажыларының вирусты гепатит жұқтыруы бір биыл тіркелген уақиға емес. Ел қажылары бұған дейін де Сауд Арабиясынан вирус жұқтырып келген. Бұл туралы Кавказ мұсылмандары басқармасы халықаралық байланыс жөніндегі бөлім басшысы Мугаддас Пайызов мәлімдеді.
Оның сөзінше, биыл вирусты гепатитті 500-ге жуық Әзірбайжан азаматы жұқтырған. Былтырғы дерек те осы шамалас болған көрінеді.
Пайызов мұндай жағдайлардың алдын алу үшін тұмауға қарсы екпе салдырудың міндеттілігін тағы да еске салды. Алайда, көп азаматтар бұл ескертуге назар аудармастан кетіп, соңы осындай жағдайға соқтыруда.
«Олар барған елдің табиғат райы өте ыстық екенін ескеруі керек. Салқын климаттан ыстық мекенге бір мезетте қоныс аудару ауыруға себеп болады. Алайда, қазіргі уақытта мазасызданудың жөні жоқ. Қазір қажылардың денсаулығы жақсы» дейді басқарма өкілі.