Нидерланды Конституциясы араб тіліне аударылады

Нидерланды Конституциясы араб тіліне аударылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нидерланды еліне Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен қоныс аударушы босқындарға көмек көрсету мақсатында Гаагада ел конституциясын араб тіліне аудару туралы шешім қабылданды. Бұл хабарды кеше Нидерланды Ішкі істер министрі Роналд Пластерк жеткізді.

Министрдің мәлімдеуінше, «бұл азаматтар мүлдем бейтаныс елге келіп отыр».

«Елдегі жалпы ереже, қоғамда қалыптасқан қағидалар оларға түсінікті тілге аударылса жеңілірек болар еді» деді ол. Құзыретті орган Конституцияның араб тіліндегі нұсқасын ресми сайттарда жарияламақ, сондай-ақ қағазға шығарып, тарату ісін де қолға алады.

Ел заңының араб тіліндегі аудармасы 1 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Дәл осы уақытта Гаагада «Босқындар, хош келдіңіздер!» бұқаралық митингісі де ұйымдастырылады. Ал бұл бастаманы ұйымдастырушылар акция босқындарға қарсы кампаниялармен күрес жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын хабарлады. Демонстранттар Нидерландыда көрініс тауып отыратын нәсілшілдік пен ұлтшылдыққа қарсы әртүрлі баяндамалар жасамақ ниетте. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: