Славянь дінбасы үкімет басшысын білімсіздікпен айыптады

Славянь дінбасы үкімет басшысын білімсіздікпен айыптады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Боснияның абыройлы ислам ғалымы Венгрия премьер-министрінің исламға қатысты айтқан білімсіз сөзін сөгіп, антиисламдық мәлімдемесін қайтарып алуын талап етті, деп жазады Reuters агенттігі.

«Қандай да надандық істің адамдарға зияны орасан. Бұл әсіресе жоғары шенді саяси тұлғалар тарапынан айтылса ол қоғамға кері әсерін тигізеді» деп мәлімдеді Эфенди Хусейн.

Еуропадағы этникалық славян мұсылман қауымының өзінің төзімділігі мен сабырлылығымен танымал дін қайраткері Эфенди Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанға осындай мәлімдеме жасады. Айта кетсек, Венгр үкімет басшысы өз баяндамасында Таяу Шығыс елдерінен келетін босқындар Еуропадағы христиан құндылықтарының гүлденуіне қауіп төндіреді деп айтқан болатын. Сонымен қатар, ол «Ислам Еуропаның ешқашан бір бөлігі болған емес» деген пікірді білдірді.

Славян мұсылмандарының дінбасы үкімет басшының білімсіз айтқан қиямпұрыс пікіріне қарсы шығып, ислам дініне тіл тигізуге жол бермейтінін байқатты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: