Түркияның Мугла провинциясының Стратоникей антикалық қаласынан табылған Осман дәуіріне тән мата бояу шеберханасы қайта жаңарту жұмыстарынан кейін өз қонақтарына есігін айқара ашты.
Стратоникей байырғы қаласы қазбаларының жетекшісі профессор Біләл Сегюттің айтуынша, бұл шаһарға халық ең алғаш рет 3 500 жыл бұрын қоныстанған. Мамандар осы аймақтан Рим, Византия, Анадолы кезеңіне тән құрылыс нысандары, атап айтсақ, рим моншалары, ғибадатханалар, селжұқ мешіттері мен түркілер үйлелірнің іргетастары табылды дейді. Сонымен қатар, антикалық қала орнынан Осман империясының мата бояу шеберханасы да табылды. Профессор бұл ғимараттың XIII ғасырға тән екенін айтады.