Түйесін автотұраққа тоқтатты

Түйесін автотұраққа тоқтатты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екатеринбург қаласындағы «Гринвич» сауда орталығының көпдеңгейлі автотұрағына белгісіз азамат түйесін шөктіріп кетті.

Әлеуметтік желілерде тараған фотода жануар мүгедектерге арналған орынға жайғасқан. Түйесін автотұраққа тоқтатқан ер азамат араб халқына тән киінген. Егер де бұл орынды 3 сағаттан артық ұстап тұрар болса, түйенің иесіне автокөлік иелері секілді ақы төлеуі тиіс, деп хабарлайды Sobitiy.ru.

«Тұраққа қатысты айтар болсақ, бізде қандай көлікпен тұрақтауға болмайтыны жазылмаған. Сол себепті, егер түйені көлік құралы санаса, не істейміз? Демек, түйе де көлік» дейді сауда орталығының жарнама бөлімінің басшысы Илья Клюжин.

Соңыра, түйе «Каприоль» ат спорты клубына тиесілі екені анықталды. Вася есімді түйе бейнеклип түсіру мақсатында алдырылған болып шықты. Сауда орталығының автотұрағында дәл осы уақытта түсірілім жүрген көрінеді. Ал шын мәнінде, «Васяның» мойнына ешкім мініп келмеген, оны арнайы машинамен әкелген екен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: