ИМАМДАР СУЫҚ КҮНІ ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМДЕСТІ

ИМАМДАР СУЫҚ КҮНІ ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы, ҚМДБ-ның "Зекет" қорының Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Аманбевтың ұйымдастыруымен Тараз шаһарының имамдары суық күні жолда қалғандарға көмек көрсетті. 

Жамбыл өңірінің ең суық, қарлы өлкесі Жуалы мен Күйік асуында жолда қалғандарға самса, пирожки, ыстық шай жеткізіліп, бойларын жылытып алулары үшін тіске басар таратылды. 

Бұл қамқорыққа риза болған жолаушылар имамдарға алғысын жеткізді. 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: