Түркменстан темекіні тәрк етті

Түркменстан темекіні тәрк етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркменстан республикасы әлем елдерінің ішінде темекіні ең аз тұтынатын ел болып танылды. Осындай мәліметті жуырда Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы басшысы Маргарет Чан  жария етті, деп хабарлайды OnIslam.net.

Темекіге әуестік бұл елде халықтың 10%-нан кем бөлігінде ғана бар. «Денсаулық сақтау ұйымының 2015 жылғы шолуына сәйкес, Түркменстанның 8% тұрғындары ғана темекі тартады. Бұл әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Сіздерді құттықтаймыз!» дейді Чан Ашхабадта өткен форум мінберінде.

Ұйым басшысы 2011 жылы Түркменстанның темекі өнімдеріне қарсы кең ауқымды конвенция қабылдағанын атап өтті. Сол уақыттың өзінде елде қоғамдық орындарда темекі тартуға қатаң тыйым салынған болатын. Форум баяндамасында Маргарет Чан өзге де Азия елдерін темекіге қарсы күреске шақырып, оның шегін 5%-ға жеткізуді ұсынды.

Қазіргі уақытта Түркменстанда қоғамдық орын, мемлекеттік мекеме және әскерде шылы шегуге, сондай-ақ кез келген темекі жарнамасына тыйым салынады. 

ummet.kz-ақпарат 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: