Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды.
Бүгінде Жамбыл облысы бойынша "Ең қайырымды имам" номинациясын иеленген имам Жетпісбай Әлімбетовтің ұйытқы болуымен мешітте 2 қой сойылып, еті 10 отасыға таратылды.
Имам қайырымдылықты отбасыларға жеткізуге өзі атсалысты. Ал үнемі демеушілік жасап жүретін жандарға имам да, мұқтаж отбасылар да батасын беріп, алғысын жеткізуде.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі