#Шу: Ауыл болып мешіт соғуда

#Шу: Ауыл болып мешіт соғуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Еңбек ауылында салынып жатқан мешіт құрылысы белгісіз себептермен тоқтап қалған еді. Осыған орай "Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков ауылдың ақсақал-қарасақалдарын, жастарды жинап насихат жұмыстарын жүргізді.

Шайтанның сұсын қашыратын, елдің рухын асыратын рухани әңгіме, дағуат ұйымдастырып, имам көпшілікті игілікке ат салысуға шақырды. Көп түкірсе көл демекші, иманды елдің себебімен мешіт қабырғасы көтеріліп бітті. Ендігісі жамағат жабылып мешіт шатырына қамданып жатыр.

Ауызбіршілігі мығым, тату-тәтті ел барда, ауыл барда бітпейтін іс, түгесілмейтін тірлік қалмас. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: