#Сарысу: Ауданға бас имам тағайындалды

#Сарысу: Ауданға бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы, Сарысу аудандық мешітіне Айбек Амангелдіұлы бас имам болып тағайындалды.

Сарысу өңіріне арнайы келген Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жұма намазын өткізіп, Бас муфтидің бұйрығын мешітке келген жамағатқа баяндады. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында жиналған қауымға жұма уағызын кеңінен ашықтап түсіндіріп берді. Мешітке келген жамағат уағыз насихаттан нәр алып, рухани жігерленіп қайтты. Алла Тағала ізгі амалдарымызды қабыл еткей!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: