Әлеуметтік желіде «Қараташ» мешітін бұзу салдарынан Ташкенттің Шайхантаур ауданындағы көне «Балан» мешітінің жойылу қаупі төніп тұрғаны туралы хабар тарады. Darakchi.uz ресурсы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, мәдени мұраға зиян келтірмеу үшін құрылыс жұмыстары бақылауға алынады.
Тарихи ғимарат жөндеу арқылы сақталмақ. «Балан» мешіті 1857 жылы салынған, қазір апатты жағдайда тұрғандықтан оны қайта жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Апта басында Мәдени мұра агенттігінің жауапты қызметкерлері, Ташкент қалалық мәдени мұра аумақтық басқармасының мамандары және «Балан» мешітінің жауапты өкілдерінің қатысуымен нысандағы қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының жоспары зерделенді.