БАС МҮФТИ ТӨЛЕ БИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ТӨЛЕ БИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанға барған сапарында қазақтың біртуар тұлғасы Төле би Әлібекұлының кесенесін зиярат етті.

Бас мүфти бастаған делегация баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Бүгінде Төле би кесенесі Ташкенттегі киелі орындардың бірі саналады. Сәулет кешені XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Атай кетейік, Төле би – Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен әйгілі тұлға. Қазақтың әйгілі үш биінің бірі, «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі. Төле би 1743-1749 жылдары Ташкент қаласын басқарып, осында жерленген. Төле би кесенесі жанында XIV ғасырда өмір сүрген шейх Хаванди Тахурдың да мазары бар.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: