БҰҚАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

БҰҚАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстанның Бұқара қаласында атақты «Мір-Араб» медресесінің 500 жылдығына арналған «Ежелгі Бұқараның Ислам өркениетіндегі орны» тақырыбындағы халықаралық конференция өтті.

Айтулы жиын Құран аяттарын оқумен басталып, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Нуриддин Холиқназаровтың құттықтау сөзімен ашылды.

Одан кейін Мысыр мүфтиі Шауқи Аллам, Әлемнің мұсылман ғалымдары одағының бас хатшысы Али Мұхиддин әл-Карадағи, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Паша-Заде, Түркия Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Али Ербаш, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Тәжікстан Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода сөз сөйлеп, «Мір-Араб» медресесінің 500 жылдығына орай жылы лебізін білдірді.

Конференция «Бұқара ғалымдарының ғылыми мұраларының маңыздылығы», «Мір-Араб» медресесінің 500 жылдығы: кешегісі мен бүгіні» және «Бабахановтар әулетінің Ислам дінін сақтау, насихаттау және қорғауға қосқан үлесі» секілді үш секция бойынша жалғасын тапты. Аталған секциялар бойынша белгілі дін ғалымдары, дінтанушылар мен имам-ұстаздар баяндама жасап, пікір алмасты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: