Құқық қорғаушылардың жаңа баяндамасы Қытайдағы исламды синицизациялаудың ауқымын көрсетеді

Құқық қорғаушылардың жаңа баяндамасы Қытайдағы исламды синицизациялаудың ауқымын көрсетеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хьюман Райтс Вотч халықаралық құқық қорғау ұйымының жаңа есебінде Қытайдағы мешіттердің күштеп жабылып, қайта қалпына келтіріліп жатқаны ел көлемінде жүргізіліп жатқан науқанда жазылған.

HRW мәліметінше, Нинся-Хуэй автономиялық ауданы мен Ганьсу провинциясындағы мешіттер күмбездері мен мұнараларынан айырылып, діни ғимараттардың бөліктері бұзылып жатыр және мұның барлығы 2018 жылғы «Исламды кинелеу» туралы ресми қаулылар негізінде болып жатыр. Бұл туралы IslamNews Nikkei сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылы жарияланған «Жаңа жағдайда исламдық жұмысты күшейту және жетілдіру бойынша ұсыныстар» деп аталатын құжатта шенеуніктер елдегі мешіттердің сыртқы келбеті мен жұмысын коммунистік құндылықтарға сай қалай «жақсарту» керектігін нақты сипаттайды. HRW-тің Азия бойынша директоры Элейн Пирсонның айтуынша, бұл науқан «қауіпті деп саналатын және биліктің пікірінше, бақылауды қажет ететін мұсылмандық діни әдет-ғұрыптарды шектеуге» бағытталған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: