Швецияда езуге күлкі ұялатар оқиға орын алды. Сақалды ерлерге арналған клуб мүшелерін жергілікті халық ИШИМ террористерімен шатастырып, дереу полиция шақыртып, ұстатып жіберген.
Bearded Villains клубы мүшелерінің бірі өзінің Фейсбук парақшасында хабарлағандай, қара түсті тудың жанында жиылып суретке түскен 30 сақалды азаматты құқыққорғау органы қоршап, қамауға алған.
Айта кетсек, Швецияда құрылған Bearded Villains клубы сақал өсірген ерлерге арналған. Олар өздері таңдаған үлгіге сай сақал өсіріп, айына бір рет жолығып, жаңалықтарымен бөлісіп, кеңесетін көрінеді.
Ал ақ-ала түсті клубтың туы расында да ИШИМ террористік ұйымын еске салардай.