Сексенге һәм исламға келді

Сексенге һәм исламға келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Сыр елін ғана емес, барша елді елең еткізген уақиға болды. Өмірінің жазы кетіп, күзі қалған Маргарита әжейдің жан қалауы исламға ғана тоқталып, құбылаға жүз бұрды.

Қызылорда облысы Ұзынкөл ауданының тұрғыны Маргарита Ивановна «Балықты» мешітіне келіп, тілін кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдады.  

Орыс әжей бұдан былай өзін Әсел Иванқызымын деп атайтын болды. Ол осы кезеңге дейін ислам діні адамзатты тек қана ізгілікке, бауырмалдыққа, жақсылыққа үндейтіндігін ұғынғанын айтады.

Сексенге аяқ басқан әжей өз өлкесінде де сыйлы кісі. Ауданның бас имамы Есенгелді қажы қадірі асқан қарияға құрмет көрсетіп, салтымызға сай иығына қамзол жауып, орамал сыйға тартты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: