Бас мүфти Бахрейн «Құран Кәрімді қолдау» қорының президентін қабылдады (ФОТО)

Бас мүфти Бахрейн «Құран Кәрімді қолдау» қорының президентін қабылдады (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Адил Хасан ал-Хамад бастап келген делегацияны қабылдады.

Ресми кездесуде Бас мүфти Қазақстан мен Бахрейн елдері арасындағы рухани байланыстар, діни татулық, мұсылман үмбетінің бірлігі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, қасиетті Құран Кәрімді басып шығару және тарату мәселесі де талқыланды.

«Қазақ әлімсақтан мұсылман елі. Қазақ топырағынан әлемге әйгілі мұсылман ғалымдары шыққан. Біз Ислам өркениетке өлшеусіз үлес қосқан елдің ұрпағымыз. Бүгінде еліміз егемендік алғалы Ислам діні жан-жақты дамып келеді. Дінімізді дамытуға барлық мүмкіндік жасалған», – деді кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Адил Хасан ал-Хамад осы кезге дейін 3,5 млн Қасиетті Құранды таратқанын, болашақта Құранды қазақ тілінде де шығаруға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Құран Кәрімді қолдау» қоры Діни басқармаға 100 000 дана Құран табыс еткен болатын.

Бас мүфти қадірлі қонақтарға қазақы дәстүрмен Діни басқарманың атынан сыйлық табыстады.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: