Дүйсенбі күні судандық жүкті қажы ұмра кезінде Меккедегі Қағбаны тәуап етуге ниет етіп, «әл-Харам» мешітінің кіреберісіне жақындаған кезде әйелдің толғағы басталды, деп хабарлайды Saudi Gazette.
Бала босандыру процесі жылдам жүзеге асты. Оқиға орнына жеткен Қызыл Жарты Ай қызметкерлері баланың ана жатырынан шығатын сәті келгенін анықтады. Дәрігерлер науқасты ауруханаға апарып үлгермейтінін, бала кез келген минутта туылуы мүмкін екенін түсініп, баланы сол жерде босануды ұйғарды. Қажы «Харам» мешітінің жанында дені сау сәбиді дүниеге әкелді, содан кейін ол нәрестемен бірге Аджяд ауруханасына жеткізілді. Бүгінде ана мен жаңа туған нәрестенің жағдай жақсы.