Біріккен Араб Әмірліктерінде ақшаны заңсыз қарызға беріп, одан пайыздық өсім өндіріп алғандарға аса ірі мөлшерде айыппұл салынып, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қызметін аталған елдің орталық банкі бақылап, реттейтін, арнайы лицензиясы бар қаржы мекемелері мен банктер ғана жекелеген және заңды тұлғаларға қарызға ақша бере алады. Пайыздық өсімімен.
БАӘ Қылмыстық заңының 458-бабына және 459-бабына сәйкес:
«Азаматтық немесе коммерциялық мәміленің кез келген түрі бойынша өз мүддесі үшін басқа тұлғаға қарыз берген кез келген адам, қарызының үстінен ашық немесе жасырын қосса да бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айырылады және кемінде 50 мың дирхамға дейін айыппұл төлейді».
«Пайыздық несие берумен айналысатын кез келген жекелеген тұлға бес 5 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырумен және кемінде 100 мың дирхам мөлшерінде айыппұлмен жазаланады».
Бұдан бөлек, егер адамның ақшаға зәру жағдайын пайдаланып, пайыздық өсім алу үшін қарыз бергені дәлелденсе, оның жазасын ауырлататын жағдайға жатқызылады.
islam.kz