«Жарылғыш оқ»

«Жарылғыш оқ»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мынаны естен шығармау керек, Пайғамбарымыз (ﷺ) «Ықылас», «Нас» және «Фәләқ» сүрелері туралы сөзін біз сияқты намаздарын орындамайтын, зекеттерін төлемейтін, ораза ұстамайтын адамдарға және т.б. айтпаған. Осындай күнәларымыз бола тұра, біз: «Міне, мен осы сүрелерді оқыдым, бірақ пайда болмады», - деп айта алмаймыз. Бойтұмарлар (тагвиз) және аяттар мен жалбарынудың айтылулары бойсұнбағандарға түсетін Алла Тағаланың азабынан құтқармайды. Әлбетте, осы үш «Кул…»  сүрелерін – «жарылғыш оқ» деп айтуға болады. Бірақ, өкінішке орай, бұл оқ мылтықта емес. «Мылтық» деп мен шынайы Аллаға бойсұнушылықты - сенім мен исламды меңзеп отырмын.

Егер адам жай ғана қолына оқты алып, арыстанға лақтырып қалса, онда мұның бәрі жағымсыз түрде бітер еді. Егер өзге қорытынды талап етілсе, онда үш «Кул...» сүрелерінің оғы, дегенмен, барлық өзге жалбарынулар мен аяттар тәрізді Алла Тағалаға бойсұнушылық мылтығына оқталуы қажет. Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөздері Алла Тағала мен Оның Пайғамбарының (ﷺ) әмірлеріне қарамастан бір нәрсе жасағаннан гөрі, өз жандарын беруге дайын болған  сахабаларына (р.а.) арналған. Егер бізге жалбарыну мен аяттардың оқылуы көмектеспесе, онда бұл біздің мәселеміз. Егер мен керемет сипаттамалары бар әлдебір автокөліктің сүлбісін сатып алар болсам, ал аяқ-астынан менің көлігім жүрмей қалса, онда менің санамдағы қозғалтқышта ақаулар бар деп айтамыз. Ешкім де бірден бұл сүлбідегі көліктерді кінәлай жөнелмейді. 

Егер біз жазылған аяттар мен жалбарынуларды Алла Тағалаға деген толық сеніммен оқысақ, Алла оңдап, Жаратушы бізді қорғайды. Егер көрсетілген аяттарды оқып шыққан соң, адам әлдебір себептермен бір бақытсыздыққа душар болса, онда мұндай жағдайда игіліктің бар екеніне біз жүз пайызға сенімді болуымыз керек. Өйткені, Алла Тағала оған одан да үлкен сый қалайтын шығар. Немесе адам бір үлкен бақытсыздыққа ұшырайды, бірақ осы сүрелердің берекелігімен Алла Тағала ол адамды құтқарып қалады және о дүниеде оны нығметке бөлейтін шығар. Көп жағдайларда  келтірілген жалбарынулар мен аяттар әлдебір мәселелерден, қасірет пен ауыртпалықтардан қорғайтын тосқауыл болып табылады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active